KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Өскемен тұрғыны жабайы қабанды атқан

15.03.2021, 10:12 178

Ақпан айының соңында Алтай аудандық полиция бөліміне Ермаковка ауылының маңында көлікпен адамдар жүргенін көргені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш беруші бұл ауданда заңсыз аң аулау жүргізіліп жатуы мүмкін деп пайымдады.

Аталған орынға келген полицейлер Ермаковка ауылынан жабайы қабанның еті мен жануардың тұяғын, сондай-ақ 7,65 калибрлі «Сайга» карабинін, 14 дана 7,62*39 калибрлі патрондарды тапты.

- Жедел - тергеу тобының қызметкерлерімен Өскемен қаласының 42 жастағы тұрғыны жеткізілді, ол өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу