Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
pexels.com
1. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
- 200 000 данаға дейін – 1,3;
- 100 000 данаға дейін – 1,15;
- 50 000 данаға дейін – 1;
- 30 000 данаға дейін – 0,9;
- 20 000 данаға дейін – 0,8;
- 10 000 данаға дейін – 0,65;
- 5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық баға бір шаршы сантиметр;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
- 15 000 данаға дейін – 1,2;
- 10 000 данаға дейін – 1,1;
- 8 000 данаға дейін – 1;
- 5 000 данаға дейін – 0,9;
- 3 000 данаға дейін – 0,8;
- 1 000 данаға дейін – 0,7.
Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
- айына 500 000 кірушіге дейін – 1
- айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
- айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
- айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
- айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизияда көрсетілетін қызметтердің жанрлар бойынша бөлінулері ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.