Елімізде 647 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр
Елімізде 647 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Соңғы 10 жылда кезек 6 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Тұрғын үйге кезекке қоюды және кезектен шығаруды әкімдік жүзеге асырады. Бүгінде әкімдіктерде 646 819 адам кезекте тұр. Соңғы жылдары тұрғын үй кезегіне тұрушылардың қатары өте тез өсіп келе жатыр. Бұл халықтың арасында масылдық көңіл-күйдің белең алғанын білдіреді. Әкімдіктер жыл сайын кезектегілердің тізімін түгендеп отыруы немесе, қарапайым тілмен айтқанда, тазалауы қажет», - деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол.
Спикердің айтуынша, әкімдік жыл сайын баспанаға мұқтаж адамдар тізімін жаңартып отырады. Себебі азаматтар өз бетімен тұрғын үй алып не басқа елді мекенге қоныс аударуы мүмкін.