KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Бүгін – Халықаралық жастар күні

Фото: google.com

12.08.2023, 09:08 226 Оразай Жеңісұлы

Бүгін - Халықаралық жастар күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл күнді атап өту жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған. Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді.

Бағдарлама 15 бағытты қамтиды. Олар: білім, жұмыспен қамту, аштық және кедейлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, бос уақытты ұйымдастыру, арулар мен жас келіншектер, жастардың қоғам өміріне және шешім қабылдау үдерісіне толыққанды және тиімді араласуы, жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, АҚТҚ/ЖҚТБ, қарулы қақтығыстар және ұрпақтардың өзара қарым-қатынасы мәселесі.

БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Демек, қазіргі таңда әлемде 1,2 млрд жас азамат өмір сүреді. Бұл бүкіл Жер шары хақының 18 пайызын құрайды. Олардың көпшілігі дамушы елдерде өмір сүреді және, өкінішке қарай, әртүрлі ресурстарға, денсаулық сақтау қызметтеріне, білімге, кәсіби дайындыққа, жұмысқа тұруға және басқа да экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізу мүмкіндігінің шектеулігінен зардап шегеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу