Енді қандастардың ДНК құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексеріледі
Фото: eLife
Қазақстанға оралған азаматтардың қан құрамында қазақ геномы бар-жоғы тексерілуі мүмкін. “Қандас” дәрежесіне үміткерлерде ұлты көрсетілген құжат болмаса, ал әкімдікте қандай да бір күмән туындаса, сараптама тағайындалады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ОКҚ брифингі кезінде журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтан әкімдік жанындағы комиссия қандастардың ұлтын қалай анықтайды деген сұрақ қойды.
Сондай-ақ шенеунік комиссияның жұмыс функциялары, азаматтармен сұхбаттасу тәртібі, яғни өз ұлтын растай алмайтын адамға қандай сұрақтар қоюға болатыны туралы ережелер әзірленгенін атап өтті. "Комиссияда қандай да бір күмән туындаған жағдайда геномдық сараптама жүргізу қарастырылған. Сараптама арқылы азаматтың қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталады", – дейді ол.
Лашын Жарденбек