KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Қазақстаннан қанша адам көшіп кетті?

Фото: dzen.ru

29.01.2024, 16:16 66

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қантар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасынан сыртқы елдерге 12 732 адам көшіп кеткен.

 

 

Сол кезеңде елімізге 19 136 адам тұрақты түруға көшіп келген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Ulysmedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

 

 

– Көшкен азаматтардың көбі немесе 8,0 мың адам - орыс ұлты, 1,6 мың адам - неміс ұлты, 0,9 мың адам - украин ұлтының өкілдері, – делінген ақпаратта.


 

 

10 мыңға жуық адам ТМД елдеріне көшіп кеткен. Атап айтқанда 95%-ы Ресейге, алыс шет елдерге 2,7 мың адам сонын ішінде 1 795 адам Германияға, 314 адам АҚШ-қа кеткен.

 

 

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері былтыр Ресейден Қазақстанға 31 мың азамат келгенін айтқан болатын.

 

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив