KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Риддер әкімдігі су тасқынына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр

Фото: Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі

27.03.2024, 16:39 138 Оразай Жеңісұлы

Риддер әкімдігі су тасқынына байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қаладағы арықтардың жалпы ұзындығы 9,5 шақырым болса, бүгінде 8,5 шақырым арық тазартылды. 70 су өткізгіш құбырдың 53-і кез-келген жағдайға дайын.

«Профилактикалық жұмыстарға мердігерлік коммуналдық ұйымның және «Риддер Водоканал» мекемесінің техникалары жұмылдырылған. Қала басшысы аумақты күн сайын аралайды. Су тасқынына байланысты жағдай жіті бақылауда, жұмыс жалғасады», - деп түсіндірді Риддер әкімдігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу