Тасқыннан зардап шеккендерге тегін заң қызметтері көрсетіледі
pexels.com
Су тасқынынан зардап шеккендерге заңгерлік кеңес беретін арнайы call-орталық жұмыс істейді.
«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілі Гүлжамила Камарова ОКҚ алаңында өткен брифингте 708 706 42 42 нөмірі бойынша бірыңғай call-орталық жұмыс істейтінін еске салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мал-мүлкі мен баспанасын топан су шайған тұрғындар құжаттарға байланысты қандайда бір қиыншылыққа тап болса, онлайн заңгерлік көмекке жүгіне алады.
Жалпы республика бойынша қазіргі уақытта жергілікті азаматтар арасынан 43 мыңнан астам ерікті мен волонтер жұмылдырылды. Республиканың 16 өңіріндегі гуманитарлық көмекті жинау және сұрыптау жөніндегі штабтарда су тасқыны басталғаннан бастап осы күнге дейін 6 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, оның 4 мың тоннасы зардап шеккен өңірлерге жіберілді.