Қазақстан танымал смартфондарды шығаруы мүмкін

Фото:depositphotos.com
Қазақстан танымал смартфондарды шығаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Министрлік мәліметінше, Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде олар республикадағы ең танымалдардың бірі саналады.
"Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өседі. Қазақстан нарығының 50 пайыздан астамын оңтүстіккореялық бренд алатынын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Цифрлық даму министрлігі өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ, ведомство біздің ел "бұл жобаға серіктес табуға дайын" деп сендірді.