Көпбалалы отбасылар «Шаңырақ» жобасының шапағатын көріп келеді
Фото: скриншот
Көп балалы және аз қамтылған отбасылар «Шаңырақ» әлеуметтік жобасы аясында 31 кәсіпорын мен ұйымның қызметін жеңілдікпен пайдаланып, аталған бағдарламаның шапағатын көріп келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласының әкімдігі шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау бойынша «Шаңырақ» жобасын жүзеге асыруды 2019 жылы бастаған. Сол уақыттан бері көп балалы және аз қамтылған отбасылар аталған жоба аясында көптеген кәсіпорынның қызметін жеңілдікпен пайдаланып келеді.
Сондай-ақ, 2023 жылы «Логопед мектебі» түзету және ерте дамыту логопедиялық орталығы мен Өскемен қаласының әкімдігі «Шаңырақ» әлеуметтік картасы негізінде өзара меморандумға қол қойған. Нәтижесінде көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға логопедиялық орталық 50% жеңілдікпен қызмет көрсетіп келеді.