KZ
Өскемен
+25°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
478.58 520.84 5.44

Париж-2024: Ең көп жолдама қай өңірдің еншісінде?

Фото: 123RF/rarrarorro

10.07.2024, 09:31 157 ALTAINEWS

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп жолдаманы қай өңірдің спортшылары жеңіп алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ең көп жолдамаға Алматы қаласының спортшылары қол жеткізді. Олардың еншісінде 17 лицензия бар.

Ал екінші орында Астана қаласының спортшылары тұр. Астаналықтар 15 жолдамаға иелік етсе, үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылары мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 10 жолдамадан бар.

Ал, Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының спортшылары Париж олимпиадасына бірде-бір лицензияға қол жеткізе алмады.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Аймақтар бойынша лицензиялар саны

Облыс

Спортшылар саны

Лицензиялар саны

1

Алматы қ.

11

17

2

Астана қ.

13

15

3

Шымкент қ.

10

10

4

Шығыс Қазақстан облысы

9

10

5

Жетісу облысы

5

6

6

Түркістан облысы

5

5

7

Жамбыл облысы

5

5

8

Алматы облысы

5

5

9

Қызылорда облысы

4

4

10

Қарағанды облысы

3

3

11

Атырау облысы

2

2

12

Ақмола облысы

2

2

13

Ақтөбе облысы

2

2

14

Солтүстік Қазақстан облысы

1

2

15

Батыс Қазақстан облысы

1

1

16

Абай облысы

1

1

17

Павлодар облысы

1

1

18

Қостанай облысы

0

0

19

Ұлытау облысы

0

0

20

Маңғыстау облысы

0

0

БАРЛЫҒЫ:

80

91

Ескерту: дзюдода командалық лицензия ескерілмейді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив