Ақорда маңында ерекше мүсін пайда болды
Фото: t.me/bort_01
Ақорда маңында ерекше мүсін пайда болды. Ол - қазақ тазысының мүсіні, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Тазы» мүсіні биыл 20 ақпанда резиденция аумағында орнатылған.
Композицияның авторы - белгілі қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров.
Еске салайық, бұған дейін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын (Kazakh Tazy) ресми түрде ит тұқымы деп алдын ала тану туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.
Оқи отырыңыз