Аймағамбетов грантқа ілікпегендерге тегін оқудың 7 жолын айтты
Фото: exclusive.kz
Бұрынғы ҚР оқу-ағарту министрі мемлекеттік білім грантын жеңіп алмағандарға не істеуге болатынын айтты. Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар.
"Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, "Қазақстан халқына" қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады. Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Алтыншы, "gap year" арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім", – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.