Глубокое ауданында ер адам суға батып кетті
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
20 маусым күні Глубокое ауданында, Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті.
Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына демалу үшін келген. Алайда жақын жерде орнатылған тыйым салу белгілерін елемеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері ер адамның денесін судан алып шықты
Сондай-ақ ШҚО ТЖД мамандары судағы мінез-құлық ережелері туралы ұмытпау керектігін, сіздің өміріңіз осыған байланысты екенін еске салады:
- шомылу үшін рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау өте қауіптті;
- ешбір жағдайда мас күйінде суға түсуге болмайды;
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда суға секіру қауіпті;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- ересектердің қарауынсыз балаларға суға түсуге тыйым салынады;
- тәуекелге барып, тым алысқа жүзбеңіз.
Төтенше жағдай туындаса, 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.