KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

7.07.2023, 15:13 150 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 1 адам құтқарылып, 80 адам эвакуацияланды

6 шілде күні сағат 23.08 шамасында Ломоносов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен ескі заттар жанып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қою түтін басқан пәтерлерден тұрғындарды - 80 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар 1938 жылы туған әйелді көтеріп алып шықты.

- Өрт сөндірушілер темір кесетін құралдың көмегімен жертөленің есігін ашып, 3 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, түтінді сорып шығарды. Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД жертөлелерді пайдалану кезінде өрттің алдын алу шараларын сақтау керектігін ескертеді:

- жертөле үй-жайларында жанғыш, тез тұтанатын, сондай-ақ жарылыс қаупі бар заттар мен материалдарды сақтауға және пайдалануға қатаң тыйым салынады;

- егер жертөледе орналасқан алаңдар пайдаланылмаса, онда есіктер сенімді құлыппен жабылып, кілттер үйге жауапты маманда сақталуы керек;

- терезелерге шыны орнатып, саңылаулар мезгіл-мезгіл қоқыстардан тазартылуы керек. Оларды бітеп жабуға тыйым салынады, өйткені қолайсыз жағдайда бұл адамдардың эвакуациясына кедергі келтіруі мүмкін;

- жертөле бөлмесінде (міндетті түрде) өртті сөндіруге арналған кем дегенде екі түрлі құрал болуы керек, мысалы, құм және өрт сөндіргіштер;

- жертөлелердегі қоқыс тек жану материалы ретінде ғана емес, сонымен қатар өрт ошағына айналуы мүмкін. Ал жиһазбен толтырылған жолдар адамдарды эвакуациялауды қиындатып қана қоймай, сонымен қатар өрт сөндірушілердің оны сөндіру үшін өрт ошағына кіруін қиындатады;

- жертөледе темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу