Зайсанда ата-аналар тай жарысын ұйымдастырды
Ел шығысында оқушылар жыл сайын дәстүрлі түрде тай жарысына қатысады. Бір қызығы, демеуші – халық.
Ауылдағы ағайын жастардың жылқыға деген махаббатын осылайша оятқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен тай жарысы Зайсан ауданы, Қаратал ауылында өткен. Биыл жастарға ынталандыру сыйлықтарын ата-аналардың өздері алып берген. Бұл туралы бізге қарапайым оқушылардан шабандоз тәрбиелеп жүрген бапкер айтты.
Тай жарысына биыл 15 оқушы қатысқан. Бірінші орынды он үш жастағы Жалғас Сабырбаев алды. Ал екінші орынды 5-сынып оқушысы Мади Ерболұлы иеленген. Жүлделі үшінші орын 7-сынып оқушысы Ұлас Серікұлына бұйырыпты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алды.
Бауыржан бапкер ауылдағы Сәрсенбековтар отбасынан үш бірдей щабандоз шыққанын айтады. Олардың алды қазір бапкер болуға үмітті болса, қалғандары жылқының құлағында ойнайды.
Бапкер алдағы уақытта да жарыстардың өткізілетінін алға тартты. Себебі жастарды ұлттық спортқа баулу бапкердің ғана емес бүкіл ауыл халқының мақсаты.
Балауса Қожаева