KZ
Өскемен
-21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
522.42 543.89 5.28

ШҚО-да ертең қатты жел соғуы мүмкін

Фото: stan.kz

8.02.2024, 16:14 201 Ләззат Қанатқызы

Ертең облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын жел мен көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» деректері бойынша, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал, облыс орталығында  түнде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел мен көктайғақ болады.

 ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

  • Қатты жел кезінде жарнама қалқандарынан, автобус аялдамаларынан, ағаштар мен электр желілерінен, металл қоршаулар алыс жүру керек. . Автокөлікті ағаштардың, жарнама құрылымдардың, электр желілерінің астына қоймаңыз.
  • Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдарда өте мұқият болу керек.
  • Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтағаны жөн.
  • Ауа райы мен жолдардағы жағдайлар туралы
    ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасында нақтылауға болады.

Төтенше жағдайға тап болған жағдайда112 нөміріне хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу