KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Көктайғақ және бұрқасын: 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: orda.kz

2.01.2024, 20:18 184

Ертең ШҚО аумағында тағы да ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 3 қаңтарда облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

 

Осы ретте ТЖ қызметі облыс тұрғындарына елді мекендерден алыстамауды сұрайды. Егер шығу қажет болса, жол жағдайын алдын ала нақтылау қажет: «Дәрмен» қосымшасы арқылы немесе 26-28-08 (республикалы жолдар), 57-42-52 (облыстық жолдар) телефондары арқылы.

 

Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдардан өту кезінде өте мұқият болу керек және жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдаған жөн. Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтауға тиіс.

 

Қатты жел кезінде жарнама қалқандардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Автокөлікті ағаштардың, жарнама құрылымдардың, электр желілерінің астына тұраққа қоймаңыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив