KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Кәсіпкерді бопсалаған криминалитет өкілі ұсталды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

27.10.2023, 18:03 148 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді.

Күдікті мен облыс орталығының тұрығын өскемендік кәсіпкерді бопсалаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласыпты. Олар кәсіпкерге тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдемесе, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытқан.

- Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де ұсталып, бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194 – бабы 2-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив