KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Семейде 55 жастағы ер адам жоғалып кетті

22.01.2019, 08:14 251


Семей тұрғыны Еркінбек Қыдыргелдин 2017 жылы жоғалып кеткен екен. Ол 2017 жылдың 23 қазанында Алтай ауданының Октябрьск кентіне кеткен. Содан бері 1,5 жыл бойы одан еш хабар жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы «Семей еріктілері LIDER.KZ» тобында жарияланды. Ер адам Октябрьск кентіне жұмысқа тұрып, ақша табу мақсатында аттанған екен.


Еркінбектің үстінде сол күні жасыл түсті жеңіл күртке мен аяғында қоңыр туфли болған. Ерекше белгілері: қолының саусағында «1962» түріндегі татуировка бар.


Еркінбек Қыдыргелдин туралы қандай да бір ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-747-349-57-17 немесе 102.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив