Өскеменде биыл 19 жол учаскесі жөнделген

Биыл облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жақсарып, жөнделген көшелер саны артқан.
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, мұндай нәтиже көрсетуге қаржыландырудың 70 пайыздан астам өсуі де ықпал еткен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Осы орайда қала әкімі Жақсылық Омар биыл қосымща жолдарды жаңғыртуға көбірек ресурстар бөлінгенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол қаладағы жөнделген жолдар санының өсуі бірінші рет байқалып отырмағанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін асфальттаудың жаңа тәсілі облыс орталығында жол жөндеу көрсеткішкерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бергенін хабарлаған болатынбыз.