KZ
Өскемен
-19°
плотный туман жел 1 м/с, В
498.69 522.23 5.79

Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алды – Өскемен

5.01.2023, 14:51 402 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алып, ас берілді.

Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 5 қаңтар күні Өскемен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 3 адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бүгін Өскемендегі "Халифа Алтай" мешітінде болып, қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алдық. Сондай-ақ қаза тапқандардың туыстарымен және отбасыларымен кездестім, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Өткен жылдың тамыз айында ҚР Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады. Жалпы ел бойынша 238 адам көз жұмған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу