KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскемендегі «Алтай» стадионының қақпасы жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды

29.09.2020, 04:15 115

50 жылдан астам тарихы бар стадионды жаңарту жұмыстары "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілді.

Құрылыс жұмыстары 5 мамырда басталған. Бүгінде нысанның келбеті жаңарып, облыс орталығының тұрғындары мен жас спортшылардың назарына ұсынылды.

- Көптеген спорттық нысандардың болуы - ірі қалалардың бір белгісі дер едім. Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша біз қаламызда екі спорттық нысанға – Бажов көшесіндегі құрылысы аяқталуға жақын спорттық-сауықтыру орталығы мен "Алтай" стадионында ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргіздік. "Алтай" стадионының біздің қаламыз үшін тарихи маңызы бар. Аты аңызға айналған футболшылар, жеңіл атлет спортшылар мен "Торпедо" командасының хоккейшілері осында жаттықты, - деп атап өтті стадионның ресми ашылуына қатысқан облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар.

Қала әкімі мемлекеттік қолдаудың арқасында спорт кешені барлық қажеттіліктермен - арнайы тартан жабыны бар жүгіру жолағы, стандарттарға сәйкес келетін футбол алаңы, спортшылар үшін киім ауыстыратын ыңғайлы бөлмелермен жабдықталғанын тілге тиек етті. Әкімнің айтуынша, стадионға тәуліктің кез келген уақытында кіруге болады.  

Жас футболшылар да жаңарған кешеннің ашылғанына дән риза.  

- Біз жылдар бойы стадионанның жөнделуін күткен едік, ал бүгін бізде, міне, заманауи әдемі футбол алаңында жаттығуға мүмкіндік бар, - дейді спортшылар.

Мұнда сыртқы нысандардан басқа, әкімшілік ғимарат та толығымен жаңартылды

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив