KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Аягөздегі кардиологиялық орталықта күрделі операция жасалды

22.09.2020, 06:07 108

Аягөзде ашылған кардиологиялық орталықта 3 пациентке жедел коронаграфиялық зерттеу жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде 1961 жылы туылған пациентте оң жақ жүрек қан тамырының 99% -ға зақымдалуы(тамыр тарылуы) анықталып, шұғыл түрде зақымдалған тамырға стент қою операциясы жасалынды.

Операциядан кейін пациентті мазалаған кеуде тұсынан сол жақ қолға берілетін ауырсыну, ентігу сияқты жүрек қан тамыры ауыруының белгілері толықтай басылды. Қазіргі кезде пациент жалпы емдеу палатасында емін жалғастыруда.

Жалпы Аягөз ауданаралық ауруханасы кардиологиялық орталығында осы күнге дейін 10 пациентке коронаграфиялық зерттеу жасалынып, 2 пациентке стент қойылды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу