KZ
Өскемен
-6°
снегопад жел 6 м/с, В
516.85 537.68 5.26

ШҚО-ға жапондық дәрінің негізінде жасалған препарат келді

5.08.2020, 07:23 151

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Шығыс Қазақстан облысына Сovid-19-ға қарсы күреске бағытталған  «Авифавир» дәрілік препараттарының 176 қорабын жіберді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл көмекті қала, аудандардың денсаулық сақтау мекемелеріне қажеттіліктеріне қарай бөлініп берілуін қадағалау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиев және  «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақытқызы мониторинг жүргізді.

Коронавирусты емдеуге арналған дәріні «Самұрық-Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-нан сатып алды. "Фавипиравира" базасындағы "Авифавир" – коронавирусқа қарсы әлемде тіркелген екі дәрінің бірі. Бұл дәрілік препарат төтенше жағдайлардың туындау және жою қаупі жағдайларында қолдануға арналған препараттарды тіркеу рәсімі бойынша тіркелген. Нұсқаулық препаратты қолдану жөніндегі клиникалық деректердің шектеулі көлемі негізінде дайындалған. Препаратты стационарлық медициналық көмек жағдайында ғана қолдануға болады. Препарат Жапонияда жақсы танымал. Ол 2014 жылдан бастап тұмаудың ауыр түрлерін емдеу үшін қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу