KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

«Корона-такси» қызметі іске қосылуы мүмкін

30.06.2020, 12:25 221

Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуіне байланысты Қазақстанда "корона-такси" іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министр елде жедел жәрдем бригадасы мен көліктер тапшылығы қатты сезіліп отырғанын айтты. Соңғы уақытта республикада жедел жәрдем шақырту 1,8 есе өскен. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіпті 2-2,5 есеге жетіп отыр.

"Қазіргі таңда отандық өндірістегі 807 жедел жәрдем автокөлігін жеткізуге келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ, медициналық емес ұйымдардың, автопарктердің көлігін тарту арқылы "корона-такси" енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл әлем елдерінің тәжірибесі. Ұсыныстар ведомстоаралық комиссияның қарауына енгізілді, олар бізді қолдайды деген үміттемін", - деді Цой онлайн брифингте.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу