KZ
Өскемен
-29°
плотный туман Штиль
511.18 530.6 5.28

ШҚО-да 47 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

24.06.2020, 05:16 42

Облыс аумағында коронавирус жұқтырған 47 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Науқастардың ішінде 18 адам Семей қаласынан, 12 адам Өскемен қаласынан, Бородулиха, Алтай аудандарында - 5 адамнан, Аягөз ауданында - 4 адам, Глубокое ауданында - 2 адам және 1 адам - Үржар ауданының тұрғыны.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 9 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 38 науқастан мониторинг жүргізу кезінде алынды.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 507 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 169.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу