Коронавирус: халық жедел жәрдемді паромға кіргізбей қойды
![](/kz/uploads/posts/iblock/f65/f654d4785915ac5ea923086012b3a0cf.jpg)
Аймақтағы бас дәрігер қоғамда COVID-19-бен ауырған, жұқтырған адамдарға деген теріс көзқарас бар екенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында атап өтті.
- Стигматикаға ерекше тоқталып өткім келеді. Өкінішке орай, COVID-19 жұқтырған адамдарға деген теріс көзқарас бар. Маған сеніңіздер, олар да қарапайым, сіз бен біз сияқты өздерінің құқығы бар азаматтар! – деп жазды ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан әлеуметтік желідегі парақшасында.
- Осыдан бірнеше күн бұрын ауыр науқасты ауданнан қалаға тасымалдаған кезде біраз адамдар жедел жәрдем көлігін паромға кіргізбей қойды. Олар кез келген адам ауырып қалып, өздері де науқастың орнында болуы мүмкін екенін түсінбейді. Науқас өзі ауырып, секем алып түрғанда, адамдар оны алапес ауруындай қабылдап тұрған күйді жақсы түсінемін, елестетіп тұрмын. Дегенмен науқас көлікте жеке қорғаныс құралдарында болды және басқаларға қауіп төндірмеді. Осы үшін кейін паром арнайы рейс жасап, жедел жәрдем мен науқасты қосымша жүздеген шақырымдық айналма жолдан жүргізбей, жеткізді. Тұрғындардан туыстары бен достарын және барлық науқастарға түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуді сұраймын.