KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
498.55 524.28 4.75

Коронавирус: Өскеменде – 1, Семейде – 7, Тарбағатайда – 1

9.06.2020, 04:47 220

Шығыс Қазақстан облысында кеше 9 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Науқастардың бірі Өскемен қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қаласының 7 тұрғынына, Тарбағайта ауданының бір тұрғынына Covid-19 диагнозы қойылды.

Тарбағатай тұрғыны бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, зертханалық сараптама тапсырған. Ал қалған 8 науқас өз өтініштері бойынша тексеруден өткен. Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы шаралар жасалды, эпидемиялық тергеу жүріп жатыр.  

Облыста ауру жұқтырғандар саны 199-ға жетті. 66 науқас емделіп шықты. Сондай-ақ жалпы статистикаға қосылмайтын, ауру белгілері жоқ 75 тасымалдаушы тіркелді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу