KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Жыл сайын мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады - Қазақстан

1.06.2020, 07:26 91

Жыл сайын Қазақстанда балаларына дұрыс қарамаған мыңға жуық адам ата-аналық құқығынан айырылады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов мәлім етті.

Көбінесе баланың ата-анасы ішімдікке салынып, бала тәрбиесімен айналыспайды. Өз міндетін дұрыс атқармай жүрген ата-аналар, ең алдымен, есепке қойылады. Сол отбасымен профилактикалық жұмыс істеп, тұрғылықты үй-жайы тексеріледі. Тиісті жұмыстардан соң олармен жеке әңгіме жүргізіліп, ата-аналарға нұсқаулық беріледі.

«Өкінішке қарай, жыл сайын осы себептердің салдарынан елімізде мыңға жуық отбасы ата-құқығынан айырылады», - дейді Ә. Оспанов.

 Ал ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев ата-аналарды жұмыспен қамту, ем-дом қабылдауға жіберу мүмкіндіктері ескерілетінін атап өтті.

«Алайда баланың қауіпсіздігіне қатер туса, сот арқылы ата-аналық құқығынан айыру мәжбүрлі қадамына барамыз. Кейіннен бұл ата-аналар жағдайды түзету мүмкіндігіне ие. Емделіп, жұмысқа тұрса әрі тұрғылықты баспанасын жақсартса, онда мемлекет комиссиялық тәртіпте ата-ана құқығын қайтаруды қарастыруға дайын екенін атап өткен жөн», - деді Д. Жекебаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив