Өскеменнің екі тұрғыны коронавирус жұқтырды
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 5 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның екеуі – Өскемен тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«ПТР әдісі бойынша Семей қаласының 1999, 1964, 1941 жылғы үш тұрғынынан, Өскемен қаласының 1988 және 1946 жылы туған екі тұрғынынан коронавирус анықталды», – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі.
Облыс орталығының 1988 жылғы тұрғынынан бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болғандықтан сараптама алынған. Ал өзге науқастар өз өтінішімен тексеруден өткен.
Оқи отырыңыз