KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Брайль әліпбиімен жазылған "Абай жолын" оқып жатыр – ШҚО арнайы кітапханасы

6.05.2020, 04:08 249

Облыстық арнайы кітапханада зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған 87 мың басылым бар. Олар жалпақ, бадырайған әріптермен жазылған. Осы 87 мың басылымның 18 мыңы Брайль әліпбиімен басылған.

– Кітапсүйер оқырмандарымыздың барынша көңілін табуға тырысамыз. Қызығушылықтарымен айналысуына мүмкіндік жасаймыз. Бізге жуықта рельефті-нүкте (Брайль әліпбиі) жазумен жазылған «Абай жолы» да келіп түсті. Ерекше әліпбимен жазылған бұл «Абай жолы» – 21 том, – деді кітапхана директоры Гүлнәр Қадырова.

Айтуынша, қазіргі төтенше жағдай уақытында мекеме қызметкерлері мен оқырмандар кітапты компьютер арқылы оқып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу