KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
515.97 537.8 5.25

ҰТБ-ға өтініштер онлайн қабылданып жатыр

25.04.2020, 03:28 95

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет емес. Осы тұста айта кету керек, кәмелеттік жасқа жасқа толмаған жеткіншектердің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.

Ал техникалық жағынан көмек көрсету Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ info@testcenter.kz қолдау қызметі арқылы хат жолдауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу