ШҚО-да бес адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 482 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сүйенсек, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 310 370-ке жетті.
Өткен тәулікте ауру анықталғандардың ішінде бес шығысқазақстандық азамат бар.
Нұр-Сұлтан қаласында - 123,
Алматы қаласында - 205,
Шымкент қаласында – 28,
Ақмола облысында – 1,
Ақтөбе облысында –3,
Алматы облысында - 29,
Атырау облысында - 15,
Шығыс Қазақстан облысында - 5,
Жамбыл облысында - 23,
Батыс Қазақстан облысында - 4,
Қарағанды облысында - 28,
Қостанай облысында - 0,
Қызылорда облысында - 6,
Маңғыстау облысында - 4,
Павлодар облысында - 4,
Солтүстік Қазақстан облысында - 0,
Түркістан облысында 4 адам қауіпті індетке шалдыққан. Ал
Сондай-ақ 108 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Нұр-Сұлтан қаласында - 57, Алматы қаласында - 48, Павлодар облысында 3 тұрғын аурудан айықты. Елімізде барлығы 1 293 556 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.