Бесқарағайда 100 орындық мектеп салынып жатыр – ШҚО

Бесқарағай ауданындағы Жыланды ауылында 100 орындық мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров құрылыс басына барып, жұмыс барасын бақылады. Аталмыш нысанға аудан басшысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Жанат Омарбекова барғанын айта кетуіміз керек.
– Жанат Әнуарбекқызы құрылыстың барысын, қазіргі жай күйін бақылады. Жұмысқа жауапты мердігерлермен кездестік. Оларға нысанды тиісті деңгейде салып, жұмысты уақытылы аяқтауды тапсырдым. Мұндағы мамандар құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтайтындарын жеткізді, – дейді Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.