KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.97 537.8 5.25

Өскемендегі «ақшасы жоқ» азамат тағы да өзіне қол жұмсамақ болды

20.04.2020, 03:53 64

Кеше кешкі сағат жеті жарым шамасында Қазыбек би көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің терезесінен ер азамат секірмек болған. Сондай-ақ ол өз балаларын терезеден лақтырамын деп қорқытқан көрінеді. Естеріңізде болса, дәл осы азамат өткенде көпірден секірмек болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Хабар келіп түскен соң, облыстық ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орынына жетті. Терезенің тұсына жұмсақ матрас төсеп, аумақты қоршауға алып, жоспарлы түрде әрекетке көшіпті. Осы кезде департаменттің психолог маманы Светлана Андрусенко жоғарыға көтеріліп, өзіне қол жұмсауға оқталған азаматты сөзге тартып көрген. 1992 жылы туған қала тұрғыны осы сәтте есікке таяп, маманмен сөйлесе бастаған. Тұрмысы төмен, төрт баламен күн көрудің қиын екін айтып арызданыпты. Әйелі де мас күйде, әрі жолдасының айтқан сөзі мен көрсеткен қоқаң-лоққысын қолдайтын көрінеді. Ер азамат арасында терезеге қайта жүгіріп, балалардың бірін қолын алып, тастап жіберемін деп қорқытумен болған. Бір жағынан төменде полиция қызметкерлерінің тұрғанына наразылық танытқан көрінеді.

Бұл кезде құтқарушылар қосымша жоспарға көшуге дайындалып тұрған екен. Олар шатырдан арқанмен салбырап түспек болған.

Арада біраз уақыт өткенде үй иесі психологпен және әкімдік қызметкерімен тілге келіп, есікті ашады. Отбасы түгел қала әкімдігіне барды. Сол жерде жағдайдың мән-жайы анықталмақ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу