Біреудің банк картасынан 645 мың теңге жымқырған – Семей
Семейде банк картасынан жарты миллионнан астам қаражат жымқырған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
34 жастағы әйел 14 сәуір күні полицияға жүгініп, банк картасынан 645 мың теңге жоғалып кеткенін мәлімдеген.
ШҚО Полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, картадағы ақша 12 сәуірде ұрланған. Күдікті зардап шегушінің телефон номерін біліп алып, банктің мобильдік қосымшасына кіріп, ақша шешкен.
Тәртіп сақшылары қылмыскерді қолға түсірді. Оның 34 жастағы жұмыссыз тұрғын екені және зардап шегушінің танысы екені анықталды.
– Ұрлық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.