KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Түркия билігі коменданттық сағат енгізуге мәжбүр

11.04.2020, 05:37 172

Түркия билігі коронавирустың жаңа түрінің таралуын болдырмау шаралары аясында 31 провинцияда коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Үйден шығуға 48 сағатқа салынған тыйым 11 сәуірде түнде күшіне енеді және 13 сәуірде 00:00-ге дейін қолданылады.

Шектеу шаралары ел астанасы Анкарада және Түркияның ірі мегаполисі Ыстанбұлды да қамтиды.

Провинцияның губернаторларына тиісті өкімхат жіберілді.

Жұма күні Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан тағы 98 адамның қайтыс болғанын растады. Елде пандемия құрбандарының жалпы саны 1006 адамға жетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу