KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
520.27 537.65 5.24

Киев Димашты қазақша қарсы алды

11.03.2020, 04:25 163

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспетчері Димашты қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл туралы dimashnews.com сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дереккөздің мәлімдеуінше, тыңдармандар Димашты Қазақстан мен Украинаның жалауын ұстап,  әншіге шын көңілмен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары алып, ерекше құрметпен қарсы алған екен. Көпшіліктің ішінен «Дайдидау әні 8 жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакат ұстағандар бірден жас әншінің назарын аударған көрінеді. Киевтегі көрермен концертті асыға күткенге ұқсайды. Мұны «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деп таза әрі еш акцентсіз сөйлегендеріне-ақ аңғаруға болады. Олар отандасымызға символикалық сыйлық ретінде гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады. 

«Сіздің әніңіз бен даусыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды жаулап алды. Ешқашан өшпек емес. Бұл кестелі мата біздің сізге деген риясыз көңіліміздің белгісі болып қалсын», – деген екен жанкүйерлер Димашқа.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу