«Сыртқа шығу мүмкін емес. Балаларымыз ауырып жатыр». Өскемендіктер ауа сапасына шағынуда
«Далаға шығу мүмкін емес. Балаларымыз ауырып жатыр». Өскемендіктер ауа сапасына шағынуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шаһар тұрғындары өз наразылықтарын «Instagram» желісіндегі түрлі пабликтарға жазып жатыр. Солардың бірі, «Uka__city_» тобына жарияланған.
- Сыртқа шығу мүмкін емес. Түстен кейін қала іші қою түтінге оранды. Тамағымыз ауырып, балаларымыз жүрегім айныды, ішім ауырды дегенді жиі айтатын болды. Барлық шаруаларды ысырып, үйде отыруға тура келді, - дейді тұрғын.
Дәл осы жазбаға бес сағат ішінде «Өскеменнен көшу керек», «Бұл не сұмдық», «Басым ауырып, жүрегім айнып жүр» деген 175 пікір жазылған.