KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

БЖЗҚ зейнетақыны алдын ала есептеп беретін онлайн калькуляторды іске қосты

24.11.2019, 10:40 152

Әртүрлі компанияда еңбек еткен адамның жалақысы әрқалай болатыны белгілі. Демек оның зейнетақы қорындағы есепшотына түсетін қаржының көлемі де әртүрлі болмақ. Өзінің зейнеттегі өмірі туралы әркімнің бір ойланатыны да рас қой. Зейнет ақы қоры зейнетақының мөлшерін алдын ала есептейтін онлайн калькулятор қызметін іске қосты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

БЖЗҚ АҚ-ның ақпаратына сәйкес, зейнет жасына дейін қаржыны есептеу үшін жалақының 35, 50 және 65 жасқа дейінгі нақты өсімі үш түрлі сценариймен қарастырылады. Оның өсіміне қордың инвестициялық табысы да қосылады.

– Ең тиімді сценарий бойынша, инфляцияны 0 пайызға теңеп есептейміз. Егер зейнетақы қорының инвестициялық табысы ел экономикасының жылдық инфляциясынан аз болып қалса, аралық пайыз үкімет тарапынан төленеді, – дейді БЖЗҚ АҚ.

Мамандардың айтуынша, соңғы бір жылда ғана инфляция пайызы қор табысынан көп болды. Оған дейін БЖЗҚ АҚ табысы барлық шығынды жауып отырған. Бірақ зейнетақы мөлшерін анықтау кезінде инфляция айырмасы алынғанымен, девальвация ескерілмейді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу