KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
501.49 525.71 5.77

ШҚО-да қызметтік құжатты жариялаған полицейлер жұмыстан қуылуы мүмкін

13.11.2019, 09:48 99

ШҚО-да өз әкесінен зорлық көрген 7 жастағы қыз туралы жеке мәліметтерді жариялаған полиция қызметкерлеріне жұмыстан қуылуы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеді.

Сұмдық оқиға 28 қазанда Шемонайха ауданында болған. Полиция департаментінің 16 қызметкері әлеуметтік желіде қызметтік құжатты жариялағаны үшін қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылатыны жайлы жазғанымызды еске саламыз. Оның ішінде аудандық полиция бөлімінің басшысы да бар. Бұл іс ШҚО ПД басшысының жеке бақылауына алынған.

Министрдің орынбасары тәртіп сақшыларының қызметінен босатылуы мүмкін екенін айтып отыр.

- «Полицейлер тергеу материалдарын, бейнежазбаларды пайдаланып, біреуге қиянат жасаған жағдайда жұмыстан қуылады. Бұл жазаның ең жеңіл түрі. Егер олардың әрекеттерінде қылмыстық заңбұзушылық анықталса, жұмыстан шығарылады. Ал анықталмаған жағдайда, тәртіптік шара қолданылады», - деді Калайчиди ІІМ-де брифинг барысында.

Айтуынша, жеке мәліметтердің әлеуметтік желіде жарияланып кетуі жас полицейлер тарапынан кеткен қателік екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу