KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Пәтеріңізде неше адам тіркелгенін үйде отырып-ақ біле аласыз!

15.08.2019, 05:39 362

Халыққа қызмет көрсету ораталығына бармай-ақ, пәтеріңізде тіркелген тұлғалар туралы анықтаманы алудың 2 жолы бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

1. Телеграм-бот қосымшасы арқылы

1.1. Іздеу бағанында EgovKzBot тересіз

1.2. Старт – Қызметтер тетігін басасыз;

1.3. Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасы"»

Егер сізде бірнеше пәтер болса, тізім бойынша қажетті мекенжайды таңдай аласыз (1,2,3…)

1.4. СМС кодты енгізіңіз;

Бірнеше минут ішінде поштаға сұрау салу арқылы анықтаманы алыңыз.

Ескерте кетейік, сіздің телефон нөміріңіз «Мобильді азаматтар базасында» тікелген болуы қажет.

2. egov.kz электронды порталы арқылы

2,1. egov.kz порталына авторлану керек

2.2. «Азаматтар» бөлімінен  - Жылжымайтын мүлік  - Тұрғын үй қатынастары – «Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасын беру» қызметін таңдау керек;

Сондай-ақ, іздеу бағанында қызметтің атауын жазуға болады.

-        «Қызметті алу»

-         «Жылжымайтын мүлік объектісін таңдау»

-         Өтінімге ЭЦҚ қол қою

-         Жеке кабинетте өңделген анықтамамен танысу. 

Ескерте кетейік, сіздің электрондық сандық қолтаңбаңыз (ЭСҚ) болуы қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу