KZ
Өскемен
-22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
522.42 543.89 5.28

ШҚО адам өлімі бойынша екінші сатыда

26.09.2019, 05:42 54

 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, біздің облыс, республика бойынша, кісі өлімінің көптігі жөнінде екінші сатыда тұр. Сараптамашылар бұған емхана ғимараттары мен құрал-жабдықтардың ескіріп кеткендігі себеп екенін айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.

Жуықта өңірге сапарлап келген вице-премьер Бердібек Сапарбаев Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығының мамандарымен кездескен болатын.

– Мұнда өзге облыстарда жасалмаған жағдайлар жасалып жатыр екен, – деген болатын Бердібек Сапарбаев.

Осы кездесуде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Қамалжан Нәдіров Шығыс Қазақстанның өлім көрсеткіші көп жеті облыстың ішіне кіретінін айтты. Тіпті, Солтүстік Қазақстанның кейінгі екінші сатыда тұр екен.

Айтуынша, біздің облыста емхана ғимараттарының 68 пайызының тозығы жеткен. Бұл көрсеткіш Солтүстікте – 73,9%.

– Біз Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жағынан біршама шаруа атқарып жатқанын білеміз. Десе де сараптама бойынша, ғимараттардың ескіргендігін көрсететін пайыз жоғары. Кейбір емханалардың жабдықталуы жөнінде де мәселе бар, – деген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары алдағы уақытта Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, жұмысты жақсарту үшін бюджеттен қаражат қарастырылатынын айтты.

Қамалжан Нәдіровтің сөзінше, әсіресе балаларды оңалту орталықтары көп көңіл бөлуді қажет етеді.

Облыста 16 жасқа дейін 343 147 бала болса, соның 4 418-і мүгедек болып саналады екен. Ал қаладағы көпсалалы ауруханада мүгедек балаларды оңалтуға арналған жеті төсек қана қойылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу