Мобильді азаматтар базасында бар/жоғыңызды тексеріңіз!
Мобильді азаматтар базасында тіркелгендер egov.kz порталы мен mgov.kz қосымшасына бірретік құпиясөз көмегімен кіріп, телеграмдағы egovkzbot-тың 25 түрлі қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ базада тіркелгендерге бала тууына қатысты проактив қызметі бойынша СМС-хабарламалар жолданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мобильді азаматтар тобына қосылу үшін ХҚО-ға бару керек немесе egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы тіркелу керек.
Бұл базада бар/жоғыңызды алдын ала тексерсеңіз де болады.
Ол үшін egov.kz порталына кіріп, басты беттегі “Сервистер” бөлімінен “Мобильді азаматтар базасында пайдаланушыны іздеу” қызметіне өту керек. Ондағы жолаққа ЖСН енгізсеңіз, жауап бірден беріледі.