Өскемен-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Өскемен-Алматы тасжолында болған жантүршігерлік жол апатында жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қайғылы оқиға кеше яғни 28-ші шілдеде болған. Audi 100 маркалы көлікті тізгіндеуші мен жолаушысы Қапшағайға бағыт алған көрінеді. Алайда орта жолда екеуі де көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктің тізгініне ие бола алмай қалған жүргізуші жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Әзірше оқиғаның анық-қанығы зерттелуде.
Оқи отырыңыз