ШҚО-да ауылдастардың жанжалы атыспен аяқталды
Алтай ауданына қарасты ауылдың екі тұрғыны жанжалдасып қалып, бірі екіншісін мылтықпен атып тастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға осы аптада сенбі күні Парыгино ауылында болған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқ жарақатын алған 47 жастағы ер адамды тауып алды. Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілді. Әбүйір болғанда, оқ оның аяғына тиіп, өзі аман қалған екен.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, күдікті ретінде 27 жастағы ер адам құрықталды. Оның бұрын сотты болғаны анықталды.
Оқи отырыңыз