KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Биылғы маусым 140 жылдан бергі ең ыстық ай – NOAA

20.07.2019, 05:25 252

NOAA мұхит және атмосфералық зерттеулер Ұлттық басқармасы биылғы маусымды 140 жылдан бергі ең ыстық ай деп атап, температуралық рекорд жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 – Маусым айында орташа жаһандық температура ХХ ғасырдағы орташа көрсеткіштен 0,95 градусқа жоғары болды. Осылайша бұл маусым –  140 жылдық кезеңдегі ең ыстық маусым болып тіркелді, – деп хабарлады Ұлттық экологиялық ақпарат орталығының ғалымдары.

Сондай-ақ, NOAA мәліметтеріне сәйкес, екі ай қатарынан аптап ыстықтың беті қайтпаса, Антарктиканың мұз жамылғысының жаңа минимумына жетуіне әкеп соғады екен.

2010 жылдан бастап ең ыстық тоғызы маусым айы тіркелген. Атап айтар болсақ, бұл көрсеткіштер Оңтүстік Америкада, Африканың оңтүстік бөлігінде, Атлант және Үнді мұхиттары мен Беринг теңізі, Мадагаскарда, Жаңа Зеландияда, Аляскада, Батыс Канадада, Мексикада және Шығыс Азияда байқалған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу