KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскеменнің тұрғынын екі тәулік бойы қамауда ұстап, жұмысқа салған

3.07.2019, 06:47 100

Өскеменде ер адам подъезге кірген бейтаныс адамды ұрып-соғып, пәтеріне алып кеткен. Сол жерде екі тәулік бойы қамауда ұстап, үйінің жұмысын істетіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл істің анық-қанығы №2 Өскемен қалалық сотының материалдарында баяндалады.

Оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында болды. Александр – бұрын сотты болған азамат. Туыстарымен керісіп қалып, танысы Виктордың үйін паналап жүрген. Екеуі бірнеше күн бойы ішімдікке салынған. Ақыры үй иесі әбден қажып, ұйқыға кеткен. Арасында ащы судан біраз жұтып алу үшін оянып, қайта ұйықтайды екен. Осы кезде баспанаға ие болып қалған Александр досының жағдайын ескеріп, үй шаруасын өз мойнына алады.

Бір күні дүкеннен қайтып келе жатып, подъезге жас жігіттің кіргенін байқайды. Николай аяздан тоңып кетіп, жылынбақ болған екен. Мас күйде жүрген Александр бейтаныс жігітті подъезден қуып жіберуге талпынады. Алайда Николай оның сөзіне құлақ аспағандықтан, бет тұсынан екі рет қатты соққы жасайды. Бұдан кейін ол "үйге кіріп жуынып ал, бірге ішейік" деген ұсыныс айтып, Николайды есін жиғызбастан пәтерге сүйрелеп алып кеткен. Жәбірлеушісінің күшін байқаған жігіт оған қарсыласпауға бел буады.

Пәтерде Александр Николайға ішімдік құйып беріп, артынан алғыс айтуын талап еткен. Пышаққа жиі көз тастап отырған үй иесінен қорыққан «қонақ» жігіт оның талабын орындай бастаған. Осылайша ол екі тәулік бойы бейтаныс адамның үйінін жинап, ыдыс-аяғын жуып беріп жүрген. Пәтердің есігін Александр кілтпен жауып тастағандықтан, қашып кетуге мүмкіндігі болмайды.  

Таңертең Александр Николайды4 күрткесінің қалтасынан екі ұялы телефонды алып, базарға кетіп қалады. Сол жерде телефондарды сатып, ақшасына тағы ішімдік алып, қайта үйге оралады. Ара-арасында ішімдік ішуге оянып жүрген Александрдың досы Виктор үй шаруасымен айналысып жүрген жігітке назар да аудармапты. Ол үшінші күні ғана есін біраз жиып, Андрейді босатқан екен.

Сот барысында екі тарап бейбіт келісімге келгендіктен, айыпталушының әрекеті қатаң жазалған жоқ. Александрге үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып отыр. Сондай-ақ, ол айыппұл мен сот шығындарын төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу