KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-дағы арнайы пунктерге 160 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді

28.06.2019, 10:09 378

Арыс қаласындағы апатқа байланысты облысымызда ашылған арнайы пунктерге жер-жерден 160 тоннаға жуық гуманитарлық көмек келіп жеткен. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Олег Чугунков хабарлайды.

– Қазір аудандар мен қалалардан жиналған гуманитарлық көмекті облыс орталығына жеткізудеміз. Жүк өте көп. Нақты қанша дүние жиналғанын айта алмаймын. Бәрін есепке алып, артынша Түркістан облысына жөнелтетін боламыз. Халық негізінен азық-түлік, төсек-орын жабдықтары мен киім-кешек әкелуде, – дейді О.Чугунков.

Оның мәліметінше, облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері де азаматтық танытып, бір күндік еңбекақыларын қайырымдылық қорына аударған. Нәтижесінде арнайы есепшотқа 580 мың теңге көлеміндегі қаражат түскен.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы аудан орталықтары мен қалаларда Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ашылған 20-ға жуық пункт жұмыс істеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу